Company Logo

Поиск

Язык

Cайт аналитикасы

Бүгін16
Кеше20
Бір аптада67
Бір айда275

VCNT - Visitorcounter

Байланыс телефондары

Директор

тел/факс: 8-718-2674884

Директордың OI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674884

Директордың TI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674881

Директордың ОТЖ жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-628152

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, М.Горький көшесi, 102/1

Жасөспірімдер ата-аналарына психологтың кеңесі 

Ата-аналар, мұғалімдер мен балалар үшін ең қиын кезең – жыныстық жетілу кезеңі. Гормонды үйлесізімдік жасөспірім психикасына әсер етеді. Өзін-өзі танытуы, дербестігін көрсетуі жасөспірімді ерсі дөрекілік пен жөнсіз қылық жасауға әкеліп соғады. Адуын жігерлілікті тоқтату мен жасөспірімді дұрыс жолға салуда ата-ана мен педагогте төзімділік пен күш жетпесе, бойжеткен балалар үлкен қателік жасауы мүмкін. Қазіргі уақытта жасөспірімдік қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, өз-өзіне қол жұмсау проблемалары маңызды болып келеді. Мұндай қиын кезеңде психолог кеңесі қажет.      

Жасөспірімдер ата-аналарына психологтың кеңесі: Ең тиімді тәсіл – жасөспірім уақытын «жіберіп алмау», оған жолдас болу. Онымен сенімді қарым-қатынаста болу маңызды. Жасөспірімге үй ішінде қандай да бір міндетті жүктеңіз. Бірақ оны бала өзінің мәнділігін түсінетіндей қылып жасаңыз. Баламен көбірек қарым-қатынас жасаңыз, сөйлесіңіз...

Ата –аналарға кеңес

1. Отбасыларыңызда, балаларыңызбен ішкі проблемаларыңызды ашық айтуға тырысыңыздар.
2. Өз балаларыңызға өмірде мақсатқа қалай жету қажет екеніне, талап етіңіздер.
3. Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар.
4. Әр бастаған жұмыстарын, сөзбен және іспен қолдап отырыңыз.
5. Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз.
6. Болашақ балаларыңызды жақсы көріңіз, мұқият болыңыз, бұл әсіресе өте қажет.

Балаңызбен   қалай қарым-қатынас  жасау керек ?

Адам  баласының  өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік  адамның жаңа  бір дүниені тануға және басқа адамдардың бағасын білуге деген  ұмтылысынан  туындайды. Психологтардың  айтуынша, қарым –қатынас өзге адамның қажеттілігін  қанағаттандыруға  бағытталған  тұлғалар арасындағы әрекеттің  бір түрі болып саналады.  Қарым-қатынас негізінде баланың бойында өзіне тән қасиеттері, адамгершілік  көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады.   Ата-ана үшін  бала қаншылықты қымбат болса , бала үшін де ата-ана махаббаты мен қамқоры өте маңызды. Қарым-қатынас  негізінде бала  мен ата-ана арасында байланыс орнайды, ең алдымен ол үстірт басталып, біртіндеп  тереңдей  береді. Бұл отбасында орын  алған  сыйласымдылық пен мейірімділік, түсіністік пен еркіндіктің нәтижесінде қалыптасады.  Қарым-қатынастың  ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Бұл жанұядағы байланысты реттейді,ата-ана тарапынан балаға бақылау  мен талаптарды  орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға  мүмкіндік береді.  Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады. Бала өмірінде белгілі бір кезеңде қарым-қатынасқа байланысты қиындықтар туындау мүмкін. Бірақ мұны жүрекке  алу тым жақын алудың қажеті жоқ.  Коммуникативтік  дағдылары  қалыптасқан  баланың  бұл  табысын ересектермен  бірлесе отырып жетілдіру қажет. Бала тәрбиесінде кейде еркіндік  қағидаларын ұстануды жөн көреміз. Мұндай жағдайларда балаларымыз көбінесе, еркіндіктің шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады.  Ата-ананың  барлық назары  балада болады, баланың тағдырына ,денсаулығына қатты  алаңдайды, кейде тіпті,баласын ерекше талант,дарын,керемет ақылды  деп санайды, сол себепті баласына ерекше күтім мен бақылау қажет деп ойлайды. Біздің өмірімізде барлығымыз орындауға  міндетті белгілі нормалар мен талаптар бар.  Мұндай талаптар балаға  да қойылады.  Бірақ ол талаптар мен  нормалар  баланың  қажетттілігіне  сай әрі көп болмауы керек.Сонымен қатар баланы жазалаудан аулақ болған дұрыс. Ата-ана өзінің  әрбір іс-әрекеті, қимылы, көзқарасы арқылы  баласына айтарлықтай әсер ететін естен шығармаған жөн.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

«Жасөспіріммен жақсы қарым-қатынас жасаудың құпиясы».
Ата-аналарға арналған кеңес.

1. Жасөспірімді жақсы қабылдау.
2. Оның ренішін және қажеттілігін белсенді «тыңдау».
3. Бірге уақыт өткізу (оқу,сабақ дайындау).
4. Оның жұмысына араласпау,ол өзі орындап шығады.
5. Егер сұраса, көмек көрсету.
6. Өз сезімдерімен бөлісу (яғни сену).
7. Табыстарын қолдау.
8. Кикілжіңді конструктивті шешу.
9. Күнделікті қарым –қатынаста жағымды сөздерді пайдалану.
10. Күніне 4, немесе 8 рет құшақтасу.

CountZero