Company Logo

Поиск

Язык

Cайт аналитикасы

Бүгін16
Кеше20
Бір аптада67
Бір айда275

VCNT - Visitorcounter

Байланыс телефондары

Директор

тел/факс: 8-718-2674884

Директордың OI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674884

Директордың TI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674881

Директордың ОТЖ жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-628152

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, М.Горький көшесi, 102/1

Материалдар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздігі» атты мерекелік іс-шара

 

         2016 жылғы 14 желтоқсанда колледжде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздігі» атты мерекелік іс-шара өтті.

         Іс-шарада Қазақстанның Тәуелсіздікке дейінгі жолда өткен тарихи кезеңдері ұсынылды. Қазақ жерінің өтке-кеткенін еске алудың тарихи экскурсиясы көмегімен жастарда тарихи және мәдени мұра, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру және бекіту мақсат болды. Студенттер дайындаған сахналық көрініс, би, жастардың шығармашылық қиялдауын, олардың ұлттық шығармашылық дәстүрге қатысуларын жандандыруға көмектесті. Осы мерекеде Отан, халықтар достығы, бірлігі, біздің басты байлықтарымыз туралы тақпақтар мен өлеңдер тыңдалды.

         Бұл мерекеде осы ерекше мәні бар күнге арналып өткізілген көптеген іс-шара қорытындылары шығарылды. «Біздің Президент» тақырыбында жазылған эссе байқауының, «Астана» атты ұрандар байқауының, «Павлодар – менің қалам» интернет фото байқауының және т.б. жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды. 

 

 

Тұңғыш Президент күніне арналған байқау-викторина

 

         2016 жылғы 30 қарашада ПМГК Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған байқау-викторинасы өткізілді, бұл викторинаға колледждің 1-курс студенттері қатысты. Үш кезеңнен құрылған байқау мақсаты (Президенттің саяси қызметтегі белгілі бір кезеңі бағаланған презентация, Президент өмірбаянының деректері мен оқиғаларына арналған викторина, «Егер мен президент болсам» атты сөзшеңдердің ұрандар байқауы) Президенттің өмір жолы мен оның мемлекеттік қызметінің маңызын ұғындыру болды. Байқаудың міндетті шарты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолдану. Қатысушылар сапалы білім, риясыз ынталық пен қызығушылық көрсетті. Әділқазылар пікірлері бойынша байқаудың жеңімпазы болып Президент пен саясат туралы лайықты білімдерін көрсеткен, үш тілді жақсы меңгерген  СЭГГ-116 тобы танылды.  Әрине, ТХНГ-116 және ТОРО-116 топ командалары да жоғары бағаға лайықты. Іс-шараның басты нәтижесі – Ұлт Жетекшісі жұмысының жалпы мемлекеттік маңызын ұғыну. 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Павлодар – менің қалам» интернет фото байқауы

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде Павлодар мұнайгаз колледжінің instagram парақшаларында «Павлодар – менің қалам» атты фото байқау өткізілді. Байқауға барлық топ белсене қатысты. Байқау ережесі бойынша әр топ аталған тақырыпқа үштен артық емес  фото ұсынулары керек, бұл фотода ПМГК студенттері болуы міндетті.

Онлайн дауыс беру бойынша 1-орынды – 102 дауыс жинаған ТОРО-116 тобы иеленді, ал екінші орында – 51 дауыспен, «Байланыста» атауы бар ТОРО-215 тобы, үшінші орынды – 30 дауыс жинаған «Өз қаласының патриоты» атаулы фото суреті бар ТХНГ-314 тобы алды.

СЭГГ-116, ТОРО-314, ТХНГ-116 топтары қызықты фотоларды ұсынды. Атаулары әр түрлі, бірақ аталған тақырып шеңберінде: «Павлодардағы мереке», «Менің студенттік жылдарым ең үздік қалада өтуде», «Павлодар ең үздік қала екенімен келісесіз деп ойлаймын» және т.б.

 

                                                                      1-орынды ТОРО-116 тобы иеленді

 

2-орында – «Байланыста» атауымен ТОРО-215 тобы

 

«Өз қаласының патриоты», ТХНГ-314 тобы

 

Фото байқау нәтижелері стендте көрсетілген

 

«Павлодар ең үздік қала екенімен келісесіз деп ойлаймын», ТХНГ-116 тобы

 

 

 

Павлодар мұнайгаз колледжінде

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы  ақпарат

 

«Адамдар достығы»

 

Тілдер пәнінің оқытушысы С.В. Гусева Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Адамдар достығы» іс-шарасын өткізді.

 Тіл дегеніміз – тек, ұлттың кілті, ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, сондықтан да көп ұлтты Қазақстан бейбітшілікте және тату өмір сүреді. 25 жыл Тәуелсіз өмір сүру уақытында Қазақстан барлық ұлт тату тәтті өмір сүре алатындай мемлекет моделін құрды.  

 

        Бірінші курс студенттері 3 тілдік білімдерін көрсетті. Викторина сұрақтарына әр түрлі тілде жауап берді. Халық ауыз әдебиеті шығармаларынан өз білімдерін көрсете алды – әр түрлі халықтың мақал-мәтелдерін таңдап алу бойынша тапсырмалар орындады. Белгілі адамдарды табу бойынша өткізілген «Танып біл» байқауына белсене қатысты.

 

Үштілдікке көшудеміз

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Осы және басқа да мәселелер 1-курс студенттері арасында тіл пәндерінің оқытушылары өткізген «Полиглот» зияткерлі ойынында айтылды.

ТОРО-116, ТХНГ-116 және СЭГГ-116 топтары қазақ, ағылшын және орыс тілін білуде жарысқа түсті.

Құзыретті әділқазы алқасы жеңімпазды анықтады. Тілдер білімінде өте жақсы білім көрсеткен, ең үздік болып танылған топ – ТХНГ-116 тобы. «The best» номинациясында ТХНГ-116 тобының студенті Шевелев Даниил жеңді.

 

 

«Тіл – халық жаны»

Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранынан басталды. Топ 3 командаға бөлінді. Әр команда топ атауын ойлап тапты, Қазақстан Республикасы рәміздері, тарихи күндерді, қазақ тілінің грамматикасы мен лексикасы бойынша сұрақтарға жауап берді. Сұрақтарға жылдам жауап беру қажет болды. Ал грамматика бойынша дидактикалық тапсырмаларды орындады. Іс-шара соңында балл саналды. Іс-шара өлең оқумен және «Атамекен» әнін тыңдаумен аяқталды.

 

Ең белсенділер болып танылғандар: Тургенев Иван, Прапорщик Данил, Шакиров Бекжан, Богдашин Илья,Ташкенов Ильяс, Малявский Ярослав, Ткаченко Артем.

 

Бізді қуып жетпейсің!

            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған 26-Облыстық спартакиада шеңберінде өткізілген «Күзгі күрес» жеңіл атлетикалық жүгіріс Павлодар мұнайгаз колледжі командасына 1-орын әкелді.  

 

                  

 
 Павлодар мұнайгаз колледжінің студенттері құрмет тұғырының орнын түгелге жуық иеленіп алды: «Күзгі кросс» жеңіл атлетикалық жүгірісте 4-курс студенті Валерий Долгошей 1-орынды және 2-курс студенті Анатолий Саенко 2-орынды иеленді. Жарайсыңдар! Рухы мықты адам жеңеді!

Достар мен тәлімгердің қолдауы жеңіс үшін өте маңызды!

 

Чистякова Анастасия мен Сальникова Любовь – жеңіл атлетикалық кросс қатысушылары.

 

 

 



CountZero