Company Logo

Поиск

Язык

Cайт аналитикасы

Бүгін16
Кеше20
Бір аптада67
Бір айда275

VCNT - Visitorcounter

Байланыс телефондары

Директор

тел/факс: 8-718-2674884

Директордың OI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674884

Директордың TI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674881

Директордың ОТЖ жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-628152

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, М.Горький көшесi, 102/1

Материалдар

Достар үйіндегі көрме

         2017 жылғы 2 сәуірде «Достар үйінде» Германия Елшісі Рольф Мафаэль Қазақстанда ашқан «Энергияның жаңартылған түрлері» Неміс энергетикалық агенттігі көшпелі көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған.

         Бұл көрменің ашылуына «Немістердің қайта өркендеуі» Қазақстан халықтары Ассамблеясының қатысушылары, мемлекеттік қызмет өкілдері, Павлодар облысының бизнесмендері, университет пен колледж оқытушылары және студенттері шақырылды.

СЭГГ-116 тобының студенттері Тургенев Иван, Варонин Владимир, Прапорщик Данил, Богдашин Илья топ кураторы Сауле Серикбаевна   Манабаевамен бірге көрмеге барып қайтты. Балаларда энергияның жаңартылған түрлері туралы көбірек білулеріне мүмкіндік туды, оларды әсіресе, «Күн энергиясы» тақырыбы қызықтырды. Бұл және де басқалары туралы көрмеде ұсынылған журналдар мен буклеттерден білуге болатын.

Көрме жабылғаннан кейін қатысушылар «Немістердің қайта өркендеуі» Қазақстан халықтары Ассамблеясының қатысушыларымен ұйымдастырылған концертке қатысты.

Жексенбінің демалыс күні біздің колледждің студенттері үшін пайдалы және қызықты өтті.

 


Германия Елшісі Қазақстанда көрменің ашылуында

 

Осындай қызықты суреттер

 

Музыка көрмеде жағымды ахуал құрайды

Студенттер «Жаңартылған энергия. Германияда жасалған» атты көрмесінде

 

 

Техникалық идеялар жәрмеңке көрмесі 

 

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Астана ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесіне арналған «Ақылды Павлодар» техникалық идеялар жәрмеңке көрмесі өтті.

Павлодар мұнайгаз колледжінің студенттерімен тәжірибелік сабақты өткізуге арналған оқу макеттері көрмеге ұсынылды.  3 курс студенті Колумбаев Муслим «Тарату мұнай базаларының темір жол эстакадасы» электрленген макет жұмысын көрсетті.   3 курс студенті Голицын Илья арнайы пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды өткізу үшін макет-полигоны туралы айтты.

Тәжірибелік сабақта макеттерді пайдалану оқу материалын бұдан әрі ойдағыдай меңгеруге және пән бойынша тапсырмаларды орындау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Студенттердің жұмыстары алғыс хатпен белгіленді.

 

 

 

 

Павлодар мұнайгаз колледжінде

«ЭКСПО-2017» бойынша өткізілген жұмыстар жөнінде

ақпарт

 

2016 жылғы 20 қазанда Павлодар мұнайгаз колледжінде «ЭКСПО-2017» бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Студенттерге ЭКСПО көрмесінің тарихымен, Халықаралық Көрме Бюросы жұмысымен танысу қызықты болды.  

ЭКСПО-ға дайындалу туралы ауызша айтуын тыңдай ерекше қызығушылықты оятты. ЭКСПО-2017 дайындығы бойынша волонтерлер Мектебінің қатысушысы, ТХНГ-314 тобының 3-курс студенті Колумбаев Муслим көрме қайда өтетінін, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі сынды күрделі оқиғаға дайындалу жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

 

СЭГГ-116 тобының 1-курс студенттері сынып сағатқа белсенді дайындалды және қажет материалдар жинап, «Астана – жеңімпаз қала» тақырыбында презентация әзірледі. Сынып сағатында студенттер топта жұмыс жасап, берілген тапсырмаларды орындады.



CountZero