Company Logo

Поиск

Язык

Cайт аналитикасы

Бүгін16
Кеше20
Бір аптада67
Бір айда275

VCNT - Visitorcounter

Байланыс телефондары

Директор

тел/факс: 8-718-2674884

Директордың OI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674884

Директордың TI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674881

Директордың ОТЖ жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-628152

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, М.Горький көшесi, 102/1

КЕЛІСІЛДІ

Павлодар облысы

Білім беру басқармасының басшысы

__________________Б.Бексеитова

      2017 ж. «_____»___________

 

БЕКІТЕМІН        

«Павлодар мұнайгаз колледжі»

             мекемесінің директоры

                       _______________С.Кайдарова

                          2017 ж. «____»____________

 

 

2017-2018 оқу жылы

Павлодар мұнайгаз колледжіне

қабылдау ережелері

 

  1. 1.Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже «Павлодар мұнай газ колледжі» мекемесіне 2017-2018 оқу жылына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі (2016 жылғы 09 сәуірдегі өзгерулері мен толықтыруларын қоса) Заңына сәйкес, 2012 жылғы 19.01. № 130 Қазақстан Республикасы Үкіметінің каулысымен бекітілген, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау типтік ережелері, Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы №153/5 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалыр бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері негізінде оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

2. Павлодар мұнайгаз колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» № 264 қаулысы негізінде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан колледжге оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы белгіленсін:

      - І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 %;

      - ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 %;

      - Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 %;

      - жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 %.

 

4. Колледжге оқуға қабылдау төмендегі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

0802000-«Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»;

0805000-«Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау»;

0808000-«Мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының техникалық қызметі және жабдықтарын жөндеу».

 

 

2. Құжаттарды қабылдау жән оқуға түсу емтихандарын

өткізуді ұйымдастыру

 

5. Павлодар мұнайгаз колледжінде тұлғалардың оқуға түсу өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін өз жұмысын 1-ші маусымнан бастайтын қабылдау комиссиясы құрылды, 2017 ж.14.04 №1-05/43 бұйрық.

6. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.

7. Қабылдау ережелері, емтихан өткізу кестесі мен кеңес беру туралы ақпарат ақпараттық стендіге немесе колледж сайтында жарияланады (www.pngk.kz).

8. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйекке дейінгі аралықта қабылданады.

9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді. Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

босқын - босқынның куәлігі;

пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

оралман - оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы ережелердің 14-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша өткізіледі: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән (№1 қосымшаны қараңыз);

2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән (№1 қосымшаны қараңыз);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес айқындалады

11. Орта буын мамандар даярлау көзделген техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін түсу емтихандары:

- күндізгі оқу түріне 1 тамыздан 28 тамызға дейін;

- сырттай оқу түріне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Түсу емтихандарын жүргізу кезінде: тестілеу түрінде

-              әр пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтардың) саны – 25 сұрақ;

-              әрбір тестілік тапсырмаға берілетін дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады;

-              үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1сағат 30 минут уақыт бөлінеді;

-              дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан соң бірден ілінеді;

-              тестілеу нәтижесі оның жүргізілген күні хабарланады;

емтихандар түрінде қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша пәндер бойынша алынған «3», «4», «5» бағалар қабылдау комиссиясымен келесі шкала бойынша баллға аударылады:

-  баға «3» – 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 балл.

12. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады (2017 ж.14.04 №1-05/43 бұйрық).

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

13. Пәндер бойынша тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді және жіберілмейді.

 

3 Оқушылар құрамына қабылдау

 

14. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс жүргізіледі:

- ағымдағы жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат баллдары негізінде (әрі қарай ҰБТ);

- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;

- пәндер бойынша немесе колледж жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 2.10 -тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:

негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, сондай-ақ, жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем жинағандар.

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

15. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқытудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе колледж сайты (www.pngk.kz). арқылы қабылдау комиссиясы таныстырады.

16. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

 

 

Қабылдау комиссиясының

жауапты хатшысы                                              А.М. Ахмедьянова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

 

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

 

 

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауы

Бейіндік пән атауы

Негізгі орта білім

(жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі

0802000

Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларының құрылысы және оларды пайдалану

Физика

Физика

0805000

Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау

Математика

Математика

0808000

Мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу (түрлері бойынша)

Математика

Математика

 

 



CountZero