«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан.

Толығырақ

  Дүниежүзілік қоғамдастық жыл сайын 1 наурыз күні Дүниежүзілік азаматтық қорғау күнін атап өтеді. Бұл күн 1992 жылы халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) шешімі бойынша жарияланды. Ұйымның мақсаты – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оған көмек көрсету, табиғи және техногендік апаттар кезінде материалдық құндылықтар мен қоршаған ортаны сақтау.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) мемлекеттің аса маңызды құрамдас бөлігі және халықтың қорғаныстық құрылысының құрамдас бөлігі мен  қауіпсіздігін қамтамасыз етуі болып табылады.

         «Ескерту, үйрету, көмектесу – бұл ұран азаматтық қорғаныс Күні жүргізу кезінде негізгі ұран болды.