«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан.

Толығырақ

17 наурызда «ANTIKOR.LIFE» атты облыстық акция аясында «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық офисімен бірлесіп, 1-3 курс студенттерінің қатысуымен «Жастар арасында парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру» атты конференция өтті. Конференция спикерлері: колледж директоры С.К. Кайдарова, жобалық офистің қоғамдық бақылау маманы Д.М.Сагитов, «Саналы ұрпақ» клуб мүшесі, 1-курс студенті Бахтин Глеб.