«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан.

Толығырақ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ»

ПӘНІ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚ

 

2021 жылдың 27 желтоқсанында оқытушы Сауле Серекбаевна Манабаева ЭТО-121 тобында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Отбасы және гендерлік саясат». Сабақта отбасы құндылығы, өзара сыйластық мәселелері қарастырылды.  

 

Сауле Серекбаевна сабақ өткізу кезінде жаңартылған бағдарлама талаптарына сәйкес заманауи білім беру технологияларын пайдаланды (өткен мәтінмен байланыс, аудиотекст, салыстырмалы сөздік көмегімен талдау, «бағдаршам» әдістемесі бойынша білім алушыларға сабақтың өзін-өзі талдауы және т.б.).

 

Сабақ барысында білім алушылардың жеке, фронтальды, топтық, ұжымдық жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Рафаэль Гильметдинов, Иван Сербул, Георгий Верещагин, Мирас Нұржановтардың жауаптары қуантты, өйткені олар тапсырмаларды орындауға мұқият, түсіністікпен қарады.