Қоғамдық өмір

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде кітапханашы Н.С. Петренко жазушылар «І.Есенберлин – 105 жыл», «М.Мағауин – 80 жыл» және көрнекті философ, математик, музыка теоретигі, Шығыстың ғалымы «Әл Фараби – 1150 жыл» шығармашылықтарына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырды.

26 ақпан күні «Психикалық денсаулық орталығының» психологы С.Г. Шиман 1-2 курс студенттері үшін «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында дәріс оқыды.

1 ақпан күні 1 курстың СЭГГ-119, ТОРО-119 топтарында «Оқушылардың дене және психикалық денсаулығын нығайту бағдарламасы туралы ата-аналарды хабардар ету» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Колледждің педагог-психологы С.С. Манабаева ата-аналарды өзіне-өзі қол жұмсауды алдын-алу бағдарламасымен таныстырды.

Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және құрамында никотин қоспалары бар заттардың ағзаға әсер  етуі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен колледжде 1-4 курс студенттері арасында ақпараттық сағаттары өткізілді, онда тиісті тамақтану, дене шынықтыру, моральдық ойлау және зиянды әдеттерден бас тартудың көмегімен денсаулық сақтау мәселелері қарастырылды.

Коронавирус инфекциясын алдын-алу мақсатында колледжде сынып сағаттары өткізілді. Сондай-ақ, балаларға «Коронавирус инфекциясын алдын-алу» жадынамалары таратылды.

Қайырымды істер ешқашан көп болмайды. Хабарласыңыз, біз әрқашан көмектесу мүмкіндігіне қуаныштымыз.

Колледж кітапханасында қазақ жазушылары Қадыр Мырзалиев, Ильяс Есенберлин, Сәбит Досанов, Рамазан Тоқтаров және ұлы орыс жазушылары А.С. Грибоедов, А.П. Чехов шығармашылықтарына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.