Қоғамдық өмір

11 желтоқсан күні Павлодар мұнайгаз колледжінде алуан жүзді Абай Құнанбайұлының биылғы жылы атап өтілетін 175-жылдығына арналған өлеңдер сайысы өтті.Өлеңдер сайысына СЭГГ-119, ТОРО-119, ТХНГ-218 тобының студенттері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Павлодар мұнайгаз колледж» мекемесінде келесі іс-шаралар жоспарланды және өткізілді:

- бірыңғай сабақ;

- «Колледж студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша сауалнама», бұл сауалнамаға жоғарғы курстың 39 студенттері қатысты;

2019 ж. 09.12 Павлодар облысы психикалық денсаулық орталығының медициналық-психологиялық көмек көрсету қызметінің психологі  А.А. Небыльцева 1-курс студенттерімен нашақорлықты алдын-алу бойынша  тренинг өткізді.

Қайырымдылық философиясын қалыптастыру мақсатында  Қызыл Ай гуманитарлық қайырымдылық Қоғамы Халықаралық еріктілер күніне орай колледж студенттеріне арналған «Ашық есіктер күнін» өткізді.Біздің колледж студенттері Шамгунова Алина, Кононенко Инна, Львова Юлия, Ворончихин Костя, Алтаев Дильшат, Құдайқұл Рақым мазмұнды бағдарламаның қатысушылары болды:

7 желтоқсан күні Ж.Аймауытов атындағы музыкалы-драмалық театрына 29 жыл толды, іс жүзінде, Тәуелсіздік құрдасы болып табылады.Біздің колледж студенттері концерт-бенефистің көрермендері болды. Театрдың барлық еңбегінен басқа, ең қызығы, симфониялық оркестрдің бар болуы болып табылады.

6 желтоқсанда ЖБДО «Жұмысшы жастар арасында өз кәсібінің ең үздігі» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жұмысшы кәсіптерінің беделін көтеру, дарынды мамандарға қолдау көрсету. Байқауға Павлодардың 18-ден 29 жасқа дейінгі жұмысшы жастар өкілдері қатысты.  ТОРО-218 тобының студенттері сынып жетекшісі Н.А. Самойловамен бірге бұл салтанатты іс-шараға көрермен ретінде қатысты.  

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні. Оның мақсаты – волонтерлік рухты қолдау және барлығы біздің қоғамдастық өмірге оң әсер ету үшін уақыттары мен күштерін бөлуге түрткі болу.Біздің колледж еріктілер қозғалысын дамытуда қосқан үлестері үшін ЖБДО алғыс хатымен белгіленіп кетті.