Қоғамдық өмір

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында 29 қарашада колледжде «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» ашық сабағы өтті. Ашық сабақпен 1-3 курс студенттері қамтылды. Студенттерде Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жөнінде саналы қарым-қатынас қалыптастыру үшін бейнероликтер, презентациялар, ҚР рәміздері, Н. Назарбаевтың портреті қолданылды.

22 қарашада ЖБДО бастамасы бойынша өткізілген колледж бен ЖОО көрсетілген білім беру Эдвайзер-көрмесіне біздің колледж қатысты.  Біздің колледжді Абрашит А., Мукалаков А., Бажак Е., Сулейменов А., Миронов А., Кайсагалиев Е. 3-курс студенттері мен оқытушылар таныстырды.

Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай «Самал» сауықтыру орталығына барып қайтуды ұсынған ТОРО-119 тобының 1-курс студенттері эстафетаны қабылдады.Қатысу бағдарламасын әзірленді және ермексаз,түрлі-түсті қағаз, қарындаштар, бояулар, сурет салуға арналған альбомдар сынды кеңсе тауарларынан құрылған шағын сыйлықтар жиналды.

Павлодар мұнайгаз  колледжінің ТОРО-317 тобында «Жақсы сөздер айту қиын емес, бірақ олардың үні адам жүрегінде ұзақ сақталады» акциясы өтті. Студенттер бір-бірімен сөйлескен кезінде жақсы, игі, адал сөздер айтуға тырысты. Барлығына өте қызықты болды. Одан басқа, мерекенің символы –  ашық жүректі қуана бейнеледі.

Жастар арасында Мемлекеттік туды қолдануын түсіндіріп тарату және патриотизмді тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтардың Мемлекеттік туды қолдану мен оны орнатуға тыйым салу стереотипін жою мақсатында 5 қарашада колледжде «Менің Туым, менің Отаным!» акциясы өтті.

4 қарашада колледжде «Адалдық сағаты» бірыңғай сабағы өтті. Өткізу тақырыптары мен нысандары әр түрлі болды. Республикалық сағат барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықты болдырмау тәсілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері себептерін анықтау және оларды жою жолдары туралы айтылды.

23 қазанда «Seven» ойын-сауық клубында студенттер қатарына қабылдау өтті.

Аталған мерекеге барлық курс студенттері қатысты. Бағдарламаны 2-курс студенттері жүргізді.