Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл кәсіби мереке қазан айының бірінші жексенбісінде тойланады, осы жылы бұл мереке кәсіптік-техникалық білім беру мерейтойымен тұспа-тұс келді.

 

2020 жылғы 2 қазан күні техникалық және кәсіптік білім жүйесіне 80 жыл толды. Бұл мерейтой кәсіби білім педагогтары мен оқытушылары үшін ғана емес, кеңес училищесі, техникумы, ал қазіргі уақытта  колледж түлектері сынды  көптеген жұмысшылар мен қызметшілердің де мерекесі.

 

Мұғалім – бұл ғылым үйрететін адам ғана емес, рухани және адамгершілік тасушы тұлға. Мұғалімдер ерекше азаматтық міндетті орындайды – жас ұрпақты тәрбиелейді. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүрлер сабақтастығы мен жаңашылдығы әрбір мектеп және колледж негізінде жатыр.  

 

Жүзден астам мемлекеттер атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер Күні, барлық мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында "Helios" ЖШС, "KSP Steel" әлеуметтік серіктестері бізді ұмтпай, төл мерекемен құттықтады және СЭГГ-120, СЭГГ-120П, ТОРО-120П, СЭГГ-219, ТОРО-318, СЭГГ-318 топтарының студенттері колледж оқытушыларына арнап құттықтау хаттарын әзірледі.

 

Бүгін барлық мұғалімдерге мықты денсаулық, бейбітшілік, амандық тілейміз. Сондай-ақ, ақиқат пен жаңа білімді тынымсыз іздеу, ұжымда өзара түсіністік, білімқұмар оқушылар тілейміз!