Аталған жоба білім алушылардың біліктілік деңгейлерін көтеруге ынталандыру және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 ең жақсы студенттерін мойындауға бағытталған.  

 

Жобаның Республикалық кезеңі онлайн тіркелу үшін платформа орналасқан TOP 100 OUTSTANDING TVET KZ STUDENTS интернет-ресурсында онлайн режимінде өткізіледі. Жобаның Ережесіне сәйкес 2020 жылғы қазанның 1 мен 10 аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім беру Басқармасынан өңірлік кезең жеңімпаздарының өтінімдері онлайн режимде қабылданады.

 

Барлығына табыс тілейміз!