«Қазақстан Республикасы ТОП 100 студенттері»

байқауындағы жеңіс

 

Талантты жастарды қолдау және ТжКБ мамандықтары мен  біліктіліктерін таныту мақсатында «Қазақстан Республикасы ТОП 100 студенттері» байқауы өтті.

 Қыркүйектің 5 мен 15 аралығында «Қазақстан Республикасы ТОП 100 студенттері» жобасының ішкі кезеңі өтті. Аймақтық кезеңге іріктеу үшін комиссия құрылды. Бұл кезеңде студенттер өздерін болашақ маман ретінде таныстыратын видеосы бар питч-презентацияларын көрсетті. Келесі кезеңге қатысу үшін 3 үміткер іріктеліп алынды. Бұл 4-курс студенті Абдрашит Алдияр, 3-курс студенттері Айтқали Корлан, Соколова Ирина.

Аймақтық кезең 16 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында өтіп, онда біздің екі студент келесі кезең – Республикалық кезеңге өтті, бұл кезеңде студентіміздің біреуі жеңімпаз атанып, Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенттері қатарына енді. Бұл 3-курс студенті – Соколова Ирина.