Мұнайгаз колледжінде тәжірибені ұйымдастыру

 

Қашықтықтан оқыту нысанына ауысуына байланысты тәжірибеден өту кестесі түзетілді: 3-курста болатын жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі 4-курстың басына ауыстырылды, сондықтан барлық үш тәжірибе бірінен соң бірі өтеді (жұмысшы мамандығын алу, технологиялық және диплом алды тәжірибе – 2020ж.01.09-дан бастап 2021 жылғы ақпан-наурыз айлары бойынша). 

Студенттерді тәжірибе орындарына ресімдеу кезінде туындаған негізгі қиындықтар – бұл қала кәсіпорындарының жұмысқа қабылдауда мараторий енгізуі.

Біздің колледж үшін тәжірибе базалары болып табылатын көптеген кәсіпорындар («КазТрансОйл» АҚ, «Газиндустрия» ЖШС, «GAS IMPEX» ЖШС және т.б.) қашықтықтан жұмыс істейді және тәжірибеден өту үшін тәжірибе орындарын бере алмады.

Қиындықтарға қарамастан, 4-курстың 60 студенттерінің барлығы "ГЕЛИОС" ЖШС, "Blue Star" ЖШС, "KSP Steel" ЖШС, "Компания Нефтехим LTD" ЖШС орналасқан. Студенттер тәжірибе орындарына арнайы тасымалдау көлігімен жеткізіледі. Зауыттардың өтетін бөлмелерінде санитарлық бокстар орнатылған.

Санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, студенттер қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді.

Біздің студенттеріміздің жұмысы алғыс хаттармен атап өтілді.