«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан.

Толығырақ

«Қазақ жерінің ұлы» кітап көрмесі

академик Қ. И. Сәтпаевқа арналады

 

Қ. И. Сәтбаев - біздің жерлесіміз, 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Көрнекті ғалым, геолог, ғылымның ірі ұйымдастырушысы, республикалық геология қызметінің және Қазақ КСР ғылымдар Академиясының негізін қалаушы, қазіргі уақытта ғалымның есіміндегі геологиялық ғылымдар Институтын жасаушы. Ол – Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш президенті және тұңғыш одақтық академик (1946 жылдан бастап). Оның есімі геологиялық зерттеу тарихының ең жарқын беттерімен және Қазақстанның жер қойнауы байлығын ашу, пайдалы қазбалар жерлерін тезірек анықтауға бағытталған кешенді зерттеулер ұйымдастырумен, еліміздің минералдық-шикізаттық базасын кеңейтумен байланысты.