«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан.

Толығырақ

2022 жылдың 2 қыркүйегінде Усолка алқабында 1-3 курс студенттері үшін Денсаулық күні өткізілді. Денсаулық күні 1-3 курс құрама командалары арасындағы эстафетадан басталды. Эстафетаны 3-курс құрамасы жеңіп алды. Содан кейін 1 және 3 курс құрамалары арасында футбол бойынша жолдастық кездесу өтті.

Соңында жеңімпаздар «Ең спорттық», «Ең жылдам», «Ең белсенді» номинациялары бойынша грамоталармен марапатталды.