Company Logo

Поиск

Язык

Cайт аналитикасы

Бүгін29
Кеше43
Бір аптада157
Бір айда498

VCNT - Visitorcounter

Байланыс телефондары

Директор

тел/факс: 8-718-2674884

Директордың OI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674884

Директордың TI жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-674881

Директордың ОТЖ жөнiндегi орынбасары

тел: 8-718-2-628152

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, М.Горький көшесi, 102/1

колледж«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан. «Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі - оқушылардың профессионалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасауға бағытталған, түлек-мамандардың заманауи қоғамда өз орынын таба білуге даярлайтын жеке меншік білім беру мекемесі. Колледж мұнайгаз саласының келесі мамандықтары:

 

  • 0805000 «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау»; 
  • 0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану»; 
  • 0808000 «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;

бойынша кәсіптік техникалық білім беру мекемесі.
Аталған мамандықтар бойынша оқушыларды қабылдау күндізгі негізгі орта  білім базасы негізінде (9 сынып базасы) және жалпы орта білім беру (11 сынып базасы) және сырттай оқу түріне жалпы орат білім беру базасы негізінде 0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану» мамандығы бойынша жүргізіледі.

   Оқытушылар ұжымы колледж әкімшілігінің жетекшілігімен  мемлекеттік білім беру стандарттарын жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жасауда. Ұжымның кәсіби құзіреттілігі келесідей: 29 оқытушы, оның 4 қоса атқарушы, екі техникалық ғылым кандидаты, жоғары квалификациялық категория – 62 %; оқытушылардың басым көпшілігінде 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар.
  Мұнайгаз саласы мамандықтарының үлкен сұранысқа ие болуы мұнайды өндіру мен мұнайды өңдеу Қазақстанның негізгі және болашағынан үміт күтірер салаларының бірі болуы.

 


 

Павлодар мұнай газ колледжінің басшалары

 

begalco z.w. 180270  Бегалко Зоя Васильевна – 29.10.1944  жылы, орыс, т.ғ. к. 1975 ж.,
1984 ж.бастап, доцент.
1961 ж. бастап,1966 ж. дейін  –Павлодар  индустриалды  институтының студенті.
 Дәрежесі: инженер-механик  ауыл  шаруашылық  машинасынан.
1967 ж. бастап,1969 ж. дейін–оқу консультациялық орталығының меңгерушісі Целиноград  ауылшаруашылық  институтының  Павлодар қаласында.
1969ж. бастап,1999 ж. дейін  - Павлодар Мемлекеттік  университетінде жұмыс істейді. Оқытушы, аға  оқытушы,  теоретикалық  механика кафедрасының доценті.  Сол кезде  уақытша 1976 ж. бастап деканнның орынбасары машинажасау факультетінің  инженер-құрылыс факультетінің декан орынбасары , сырттай факультеттің деканы. 1994 жылы  көпдеңгейлік мамандарды дайындау жүйесінде  лицей-техникум,ЖОМ бойынша әдістеме құрастырды,  техникум түлектеріне әрқарай  жоғары білімдерін қысқартылған түрінде  жалғастыру  бойынша ПМУ құрылысында орта кәсіби оқу мекемесін ашылуын ұйымдастырды, бұл алғаш рет жасалынып отыр: техникум университет құрылымында. 2000 ж. –гуманитарлық-экономикалық және техникалық  колледжінде  директор қызметінде, ал 2006 ж., колледж өзгертілгеннен  кейін «Павлодар мұнайгаз  колледжінде» - бас директор қызметінде.
2004 ж., уақытша  жұмыс , Тюмен  Мемлекетттік мұнайгаз  университеті филиалының директоры болып келді  Павлодар қаласында, ал филиал жойылғаннан  кейін   2010 ж., тасымалдау сутегі ресурсы кафедрасының  ТюмММГУ –нің  доценті болып келеді.

 

 

Кайдарова  Светлана  Кенетаевна  26.11.1963 жылы Алтай өлкесінде дүниеге келді. 1986 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің математика оқытушысы мамандығы бойынша бітірді.

          Педагогикалық қызметті 15.08.1986 жылы Павлодар облысының Лебяжі ауданында Қазы орта мектебінде математика мұғалімі болып бастады, сол жерде 7 жыл бойы қызмет атқарды. 22.12.1993 жылдан бастап 21.08.2008 жылға дейін Ақсу қаласының № 41 ОМ, № 3 ОМ математика оқытушысы болып жұмыс істеді. 21.11.2003 жылдан бастап № 3 ОМ тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары ретінде тағайындалды. 2008 жылы математика оқутышысының жоғары біліктілік санаты берілді. 22.08.2008 жылдан бастап «Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесінде тәрбие жұмыстары бойынша директор орынбасары ретінде жұмыс істеп, 25.08.2014 жылдан бастап колледж директоры болып тағайындалды.

         Марапаттары: 2007 жылы қаланың білім беруді дамытуда қол жеткізген табыстары үшін Ақсу қаласының білім беру бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. 2011 жылы Павлодар қаласының білім беру басқармасының мадақтауымен марапатталды.

kck180x270

 

 


 

Материалдық-техникалық база

   Мамандарды даярлау барысында білім беру мекемесінің жұмысында ең басты орын материалдық-техникалық базаны жетілдіру болып табылады. Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы және Лермонтов 92/1 мекен-жайындағы «Б» корпусы ғимараттарында орналасқан.
Колледжде 10 аудитория және 1 химиялық лоборотория, 1 компьютерлік орталық (интернет желісіне қосылған 30 компьтер), оқыту (слесарлық-механикалық) тәжірибесіне арналған шеберхана, кітапхана (кітап қоры, жалпыбілім беру пәндері, арнаулы мұнайгаз пәндері бойынша электронды оқулықтар) бар. Кітапхана базасы жыл сайын жаңа орыс және мемлекеттік тілдегі техникалық, әдеби оқулықтармен толықтырылып отырады. Оқу корпусында 50 орындық асхана бар. Сонымен, колледждің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға арналған материалдық-базасы жеткілікті және ол жаңартылып жыл сайын толығып отырады.

Библиотека колледжа Лаборатория химии  Кабинет нефтегазовых дисциплин
Колледж кітапханасы Химия лабораториясы Мұнайгаз мамандықтары кабинеті
 InfCenter  Кабинет казахского языка  Мастерские колледжа
 Ақпараттану орталығы  Қазақ тілі кабинеті Колледж шеберханасы

 


 

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 



CountZero