«Павлодар жоғары мұнай - газ колледжі» мекемесі - білім алушылардың кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға, бітіруші мамандардың қазіргі қоғамда одан әрі оқуға және өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығына бағытталған жеке оқу орны.
Колледж мұнай - газ саласының кәсіпорындары үшін келесі мамандықтар бойынша орта кәсіптік техникалық білімі бар мамандарды даярлаумен айналысатын білім беру мекемесі болып табылады:
0802000 «Мұнай - газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану»;
0808000 «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша);
07320600 «Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау»;
07151100 «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану» (өнеркәсіп салалары бойынша).
Көрсетілген мамандықтар бойынша қабылдау күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша негізгі орта білім базасында (9 - сынып базасында) және жалпы орта білім базасында (11 - сынып базасында) жүргізіледі.
Колледж оқытушылар ұжымы білім берудің мемлекеттік стандарттарын іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Ұжымның кәсіби құзыреттілігі келесідей: 20 оқытушы, 1 техника ғылымдарының кандидаты, 2 оқытушы магистр дәрежесіне ие, жоғары біліктілік санаты бар - 4 оқытушы (20 %), бірінші санатты-1 оқытушы (5 %), екінші санатты - 2 оқытушы (10 %).
Мұнай - газ саласы мамандықтарының танымалдығы мұнай өндіру және мұнай өңдеу Қазақстандағы негізгі және перспективалы қызмет салаларының бірі болып табылатындығымен түсіндіріледі.