Колледж міндеті: біз елдің және аймақтың индустриялық-инновациялық даму міндеттерінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келетін инновациялық даму үшін қоғам мен бизнестің техникалық бейіндегі жұмысшы және орта буын мамандары бойынша бәсекеге қабілетті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыруы арқылы білім береміз.
Колледж пайымдауы: ұлттық экономика өсімін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістер жағдайында еңбек нарығының тиісті ағымдағы және перспективалық қажеттіліктеріне сәйкес техникалық бейіндегі жұмысшы және орта буынның жоғары білікті мамандарын даярлау саласындағы жетекші білім беру ұйымы болу.
Колледж қызметінің стратегиялық мақсаты: «өзінің кәсіби әлеуетін іс жүзінде іске асыра алатын бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру және дамыту».