Президенттік көпсайыс бойынша біздің команда алған жеңіске тағы да бір жеңіс қосылды. Біздің жасөспірімдер жеңіл атлетика бойынша жарыста тағы бірінші болды.Барлық спартакиада қорытындылары бойынша Ақсу қаласының Ж.Мұса атындағы колледж командасынан ғана жеңіліс тауып,
Павлодар мұнайгаз колледжі командасы 2-орынға ие болды. Біз мұндай табысқа қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.М. Каргужиновты, бас спортсмендерді: баскетбол, футбол бойынша командаларды, жеңіл атлетиктер командасын (Водянников А., Балкоев А., Долгошей В., Пинчук И., Селюков И.) және барлық жанкүйерлерді осы тамаша жеңіспен құттықтаймыз.