19 сәуірде біздің команда Отан қорғаушылар Күніне және Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша колледждер арасында өткен «Айбын» облыстық жарысына қатысты.

Біздің команда 6 студенттен құралды:  Кайсагалиев Ефим, Воробьев Алексей, Тукен Ержан, Литовченко Артем, Айткали Корлан, Карякина Алла. Балаларға пневматикалық винтовкадан атуға, жалпы әскери қорғаныш жиынтығын киюге, Калашников автоматын толық емес бөлшектеуге және жинауға, турникте тартылуға, арқан тартуға және әскери кроссқа қатысуға тура келді. Біздің балалар бұл жарысқа үлкен ықыласпен және ынтамен қатысты. Команда жалпы есепте жүлдегерлер қатарына жете алмаса да, жарыстың көптеген кезеңдерінде жүлделі орындарға жақын тұрды. Осылайша біздің команда арқан тарту жарысы бойынша табан тірескен күресте екінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!