Колледж студенттері жыл сайын әр түрлі интернет-порталдарда пәндік олимпиадаларға белсенді қатысады. Мысалы, «Олимпиада әлемі» сайтында 20 студент сызу пәні бойынша олимпиадаға қатысты.
Барлық балалар бірінші орынды иеленіп, көркем дипломдарға ие болды. Жетекші И.Н. Лобко әр қатысушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Н.А. Самойлова жетекшілігімен студенттер «Вопросита» сайтында химия және география пәні бойынша блиц-олимпиадаға қатысты. Қорытындысында – 27 жүлделі орын және 1 қатысушы сертификаты.