2019 жылғы сәуір айында 1-курс студенттері үшін зияткерлі марафон өткізілді.
Марафонның мақсаты:
- НОУ жұмыс істеу үшін студенттердің оқытылатын пәндер бойынша жеке бейімділігін анықтау;
- студенттердің шығармашылық қабілеттіліктерін анықтау;
- шығармашылық қабілеттіліктің жеке стилін қалыптастыру;
- болашақ маманның зияткерлік мәдениетін дамыту.
Зияткерлі марафон 8 бағыт бойынша өткізілді, оны ұйымдастыру мен өткізуге жалпы білім беру пәндерінің 8 оқытушысы қатысты.
Марафон өткізілгеннен кейін әр түрлі пәндер бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер тобы анықталды.
2018-2019 оқу жылы бірінші курстағылар арасында зияткерлі көшбасшы СЭГГ-118 тобының студенті Айтқали Қорлан және Козлов Данил болып танылды. Колледж бойынша екінші орынды Жеңіс Бақұстар, Искужанов Даурен, Соколова Ирина (СЭГГ-118 тобы), Карибай Зайда (ТХНГ-118 тобы), үшінші орынды Дмитриенко Дмитрий (СЭГГ-118 тобы) иеленді.
Марафонда барлығы 1 курстың 23 студенті 41 жүлделі орын алды. Ең белсенді зияткерлі топ болып СЭГГ-118 тобы атанды (24 жүлделі орын), 2-орында ТХНГ-118 тобы (11 жүлделі орын), үшінші орында ТОРО-118 тобы (6 жүлделі орын).