«Соңғы патрон» зияткерлі конкурсы

Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдер пәндерінің ЦӘК апталығы шеңберінде 29 наурыз күні Алғашқы әскери дайындық бойынша ТОРО-118 тобында «Соңғы патрон» зияткерлі конкурсы өткізілді. Іс-шараға 22 адам қатысты.

 

Топ үш командаға бөлінді:

 

1 команда: «Жалын». Команда ұраны: Жалын оты жарқыра, жақсылық нұры шашыра!

 

2 команда: «Бронетранспортер». Команда ұраны: Шыдамдылықты жинақта, НАТО алдыңда!

 

3 команда: «АК-47». Команда ұраны: Дәл тигізіп атамыз, беріліңдер бәріңіз!

 

Нәтижесінде, қызықты және табан тірескен күресте 170 балл жинаған "АК-47" командасы жеңіске жетті. Екінші орынды 140 балл жинаған «Жалын» командасы, үшінші орынды 130 ұпай жинаған «Бронетранспортер» командасы иеленді.

 

Жақсы психологиялық атмосфера және командалардың жауынгерлік көңіл-күйі арқасында іс-шара өте көңілді, қызықты өтті. Сайысқа қатысушылардың барлығы сергектік пен жігерлік қуатын алды.