2019 жылғы 17 қазанда ТОРО-317 тобының студенттері  Алтаев Дильшат, Друзин Даниил, Жунусов Темирлан, Киблер Владислав және Макаров Виктор Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырған және өткізген MINBDRAFT І зияткерлі ойын-сауық ойынына қатысты.

    Қатысушылар өз колледжі туралы презентация дайындау бойынша үй жұмысын орындады. Одан кейін ойын білім деңгейлерін тексеру және күрделі де қызықты кәсіби сұрақтарға 35 секунд уақыт беріліп, тез жауап бере алу икемділігі тексерілген екі айналыммен жалғасты. Біздің жігіттер жақсы ойын көрсетті. Барлық қатысушылар ойынға қатысқандаоры үшін мақтау қағаздарымен марапатталды, ал оқытушы Н.Ю. Орешникова студенттерді дайындағаны үшін алғыс хат алды.  Бұған қоса, біздің балалар абыржып қалмау, командада жұмыс істеу, тапқырлық көрсету сынды тамаша тәжірибе алды.