IT технологиялар бойынша курстар

 

Бүгінгі таңда адам-машина өзара іс-қимыл әдістемелерінде революциялық өзгерістер болып жатыр: жұмыс технологиялары, білім мен ақпаратты сақтау және тарату өзгертіледі. Интернет, әлеуметтік желілер, блогтар, виртуалды кітап және кітапхана, сандық аудио-, видео-, фотоматериалдар, ұялы телефондар, жылдам хабар алмасу құралдары, қалта компьютерлері қазіргі заманғы студенттің ақпарат алмасуы үшін көптеген мүмкіндіктер жасайды. Ақпараттық технологиялар базасында іске асырылатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалану бүгінгі күні білім беру процесінің барлық қатысушыларының ІТ-құзыреттерін қалыптастырумен байланысты болады.  

Қашықтықтан оқытуға ауысуына байланысты барлық педагогтердің IT-сауаттылығын арттыру қажеттілігі туындады. Сондықтан 2020 жылғы тамыз айында колледждің барлық оқытушылары «Талап» КЕАҚ сайтында «Педагогтердің ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында қашықтықтан біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сәйкес сертификаттар алды.  

Аменова Алия Канатовна

Ахметова Анара Шамшиденовна

Байгабулов Марат Оразбаевич