Жаңартылған мазмұн бойынша біліктілікті арттыру курстары

 

2020 жылғы тамыз – қазан айлары аралығында колледждің жалпы білім беру пәндерінің 6 оқытушысы Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ  «Педагогикалық шеберлік орталығы» жеке мекеме әзірлеген бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсынан өтті.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы Д. Брунердің когнитивтік теориясымен негізделген спиральді білім беру нысанын дамытуға негізделген.

Дәстүрлі оқыту нысанына қарағанда, оқытудың спиральді нысаны оқудың барлық курсы бойы күрделене түсетін материалды қайта қарау қазіргі заманғы оқушының дамуында артықшылығы көп екенін көздейді. Сонымен қатар қазақстандық оқушылардың дамуы оқытудың белсенді формаларын енгізу арқылы болады, оларды жүзеге асыру барысында оқушылар функционалдық сауаттылығын дербес дамытады, құрдастарымен қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын дамытып, белсенді түрде білімді кеңейтеді және проблемаларды шешуде шығармашылықпен қарайды.