23 қараша күні дәстүрге айналған «Болашақ маманның әлеуметтік-кәсіби қалыптасуы үшін колледждің білім беру ортасының мүмкіндіктері» атты педкеңес өткізілді. Негізгі мәселе – бірінші курс студенттерінің колледж жағдайына, оқу қызметіне, оқытудың жаңа нысандарына, білім алуды игеру мен бақылауға, еңбек және тынығудың өзге режиміне, топта өздігінше өмір сүру салтына, топтас студенттердің ұжымына қосылуына, оның қағидаларын, салт-дәстүрін меңгеруге бейімдеу мәселелері. Педкеңесте колледж психологы, 1 курс топтарының сынып жетекшілері, циклдік әдістемелік комиссия басшылары сөз сөйледі.
1 курс студенттерімен, ата-аналармен, топтарда жұмыс істейтін оқытушылармен бірыңғай жұмыс жасау тәсілдерін анықтау үшін «Сынып жетекшіге арналған жадынама» және студенттерді бейімдеу іс-шаралар жоспары ұсынылды.