2021 жылғы 16 сәуірде өткізілген  «Тәжірибе. Идеялар. Инновациялар» облыстық педагогикалық шеберлік конкурсының қорытындылары шығарылды. Колледж оқытушысы Ирина Николаевна Лобко «Сала технологиясы негіздері» пәні бойынша міндетті тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу кезінде студенттерге басшылыққа алу үшін 0808000 «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының студенттері үшін жыл бойында әзірленген  «Сала технологиясы негіздері» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындаудың әдістемелік ұсынымдары» әдістемелік әзірлеуін конкурсқа ұсынып,  2-жүлделі орынға ие болды.

Осы әдістемелік құралдың өзектілігі 0808000 «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының ТжКБ түлектерін дайындау деңгейіне сай оқу бағдарламасына және мемлекеттік талаптар мазмұнына сәйкес әзірленгенімен ерекшеленеді. Оқу құралы практикалық жұмыстарды орындау үшін нұсқаулық карталарын қамтиды. Әрбір нұсқаулық карта құрамында қажетті теориялық материал, есептік формулалар, нұсқа бойынша бөлінген тапсырмалар,  тапсырмаларды шешу мысалдары, қажетті анықтамалық кестелер мен бақылау сұрақтары қамтылған. Әдістемелік құрал оқылатын студенттерге пән бойынша міндетті практикалық жұмыстар көлемін өз бетімен орындауға мүмкіндік береді

 

Название Скачать
1 Методичка