Көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 29 наурызда VII облыстық көптілді олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың қазақ тілінің практикалық құндылығын мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі халықаралық коммуникация құралы ретінде қабылдауына ықпал ету.
СЭГГ-220П тобының студенті Бахтин Глеб облыстық көптілді олимпиадаға қатысты.
Глеб орыс және ағылшын тілдерінде тапсырмаларды сәтті орындады, қазақ тілінде тапсырмалар қиындық тудырды.
Глебке тілдерді одан әрі үйренуде сәттілік тілейміз.