Қазақстандықтар – серпінді және жас ұлт: республика тұрғындарының екінің бірі 30-дан жас.
Жастар – біздің болашағымыз. Қоғам дамуының күш-қуаты ретінде жастар рөлінің артуына байланысты әлеуметтік даму процесстері мемлекет қызметінің өзіндік бағытына жастар саясатының бөлінуіне себеп болды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты – жас азаматтардың өзін-өзі таныту, жастар бастамалары мен қозғалыстарын қолдау үшін жағдайлар жасау бойынша құқықтық, ұйымдастыру-басқару, қаржы-экономикалық, ғылыми, ақпараттық, кадрлық сипаттағы шаралар жүйесі.
Біздің колледжде белсенді студенттер арасында студенттік қызмет құрылды және өз жұмысын жүргізеді.
Колледждің белсенділер жастар ұйымына енетіндер:
1. Советова Асем ТХНГ-214 тобы – колледждің жастар кеңесінің төрайымы
2. Чистякова Анастасия – СЭГГ-115 тобы
3. Айсакова Сара – ТХНГ-115 тобы
4. Лукьянченко Ксения – ТХНГ-214 тобы
5. Нурекенов Алмас – ТОРО-313 тобы
6. Ажибеков Аркен – СЭГГ-313 тобы
7. Бегинин Даниил – ТОРО-313 тобы
8. Даулханов Илияс – ТОРО-115 тобы
Жұмыс жоспары бар, балалар бүкіл қалалық және облыстық науқанға, мерекелерге қатысады. Колледждегі бірде-бір іс-шара олардың көмегінсіз өтпейді.
Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау күніне арналған мұражай мерекесін өткізудегі флешмоб.
Викторина жеңімпазы және мұражай түні билетінің иегері Даулханов Илияс.