«Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының 3-курс студенті Минчакевич Ярослав «Қазақстанның даму банкі» АҚ қайырымдылық байқауына қатысып, аталған байқаудың жеңімпазы атанды.

Байқау мақсаты – техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен жас түлектерді қолдау және дамыту. Ярослав «Taiburyl» ҚҚ шәкіртақы алатын болады.