Кайдарова Светлана Кенетаевна 26.11.1963 жылы Алтай өлкесінде дүниеге келді. 1986 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің математика оқытушысы мамандығы бойынша бітірді.
Педагогикалық қызметті 15.08.1986 жылы Павлодар облысының Лебяжі ауданында Қазы орта мектебінде математика мұғалімі болып бастады, сол жерде 7 жыл бойы қызмет атқарды. 22.12.1993 жылдан бастап 21.08.2008 жылға дейін Ақсу қаласының № 41 ОМ, № 3 ОМ математика оқытушысы болып жұмыс істеді. 21.11.2003 жылдан бастап № 3 ОМ тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары ретінде тағайындалды. 2008 жылы математика оқутышысының жоғары біліктілік санаты берілді. 22.08.2008 жылдан бастап «Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесінде тәрбие жұмыстары бойынша директор орынбасары ретінде жұмыс істеп, 25.08.2014 жылдан бастап колледж директоры болып тағайындалды.
Марапаттары: 2007 жылы қаланың білім беруді дамытуда қол жеткізген табыстары үшін Ақсу қаласының білім беру бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. 2011 жылы Павлодар қаласының білім беру басқармасының мадақтауымен марапатталды.