16 қазан күні «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Summit Servise»  ЖШС «СӨС насихаттау» жобасының жаттықтырушысы 1 курс студенттерімен «Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау. Отбасын жоспарлау.

Қалаусыз жүктілік,  жыныс жолдарымен таратылатын ауруларды алдын алу» тақырыптарында диспут өткізді. Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар қолжетімді нысанда талқыланды. Диалог барысында презентация көрсетілді.