2016 жылдан бастап Қазақстанда жаңа мереке – алғыс айту күні пайда болды. Осы күнді таңдау бастамасымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз алды. Ол алғыс айту күнін Республикамызда 1 наурыз күні атап өтуді ұсынды, бұл күні «еліміздің тұрғындары бір-біріне және қазақ халқына Қазақстанға көптеген халықтар депортацияланған жылдары төзімділік пен қонақжайлық үшін алғыс айтуларына болады».
Көктемнің алғашқы күні біз бір-бірімізге, сондай-ақ ең ауыр жылдары көптеген этностар өз еркімен емес Қазақстанға жер аударылғанда қазақ халқы мейірімділік және төзімділік танытқаны үшін барлық халыққа алғысымызды білдіреміз.
Бұл күн «барлық қазақстандықтардың бір-біріне қайырымдылық, достық пен махаббат танытудың жарқын мерекесі болуы мүмкін»,– деген мемлекет басшысы.
«Өзіңнің тарихыңды есте сақта және мақтан ет» – бұл мерекенің негізгі түрткісі, ал осы күннің тағы бір мақсаты – өскелең ұрпақтың, азаматтардың толеранттық сезімі мен сыйласын тәрбиелеу, Қазақстанда ұлтаралық келісімді нығайту болып табылады.