Информатика пәнінің оқытушысы М.В. Титов 1-курс студенттеріне арнап «Интернет – заманауи өмір сүру ортасы. Ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Студенттер Интернет желісінен туындайтын қауіп-қатерлер, Интернет желісіндегі пайдаланушылардың мәдениеті туралы мәселелерді,  әлеуметтік желілерде өздерін қауіпсіз және сауатты ұстау, әлеуметтік желілерде пайдалы қарым-қатынас жасау сұрақтарын қарастырды. Сонымен қатар алаяқтық және интернеттегі қауіпсіздік туралы бейнероликтер қарады.