Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы өткізетін тіркеу науқанының өту кестесіне сәйкес мұнай-газ колледжі 2022 жылғы 22-23 ақпан аралығында шақыру учаскелеріне тіркеуден өтті. 22 ақпанда әскерге шақырылушылардың жеке істерін жүргізу және тіркеу жүргізілді, ал 23 ақпанда балалар медициналық комиссиядан өтті.
Осы жылы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына және ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары» №28 бұйрығына сәйкес жүргізілетін тіркеуге 2005 жылы туған білім алушылар, сондай-ақ Павлодар қаласы, Павлодар, Кенжекөл, Мойылды, Жетекші ауылдары және Ленин кенті аумағында тіркелген шақыру учаскелеріне бұрын тіркеуден өтпеген неғұрлым үлкен жастағы білім алушылар жатады. Шақыру учаскелеріне тіркеуден барлығы 27 оқушы өтті. Тіркеу науқаны жоспар бойынша, ұйымдасқан түрде өтті, студенттердің қатысуы жүз пайыз болды.
http://pngk.kz/kz/kolledzh-zha-aly-tary/o-amdy-mir/649-2022-zhyl-y-tirkeu-nau-anyny-tui.html#sigFreeIdb2f3847937