2022ж.19.04 мұнай-газ колледжінде Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің бітіруші топ студенттерімен және олардың ата-аналарымен кездесуі өтті.

Бұл іс-шара көктемгі әскерге шақыру науқанының басталуына байланысты ерекше өзекті болды.

Қорғаныс департаментінің өкілдері әскерге шақыруға байланысты мәселелер бойынша түсініктеме берді: медициналық комиссиядан өту, әскерге шақыруды кейінге қалдыру және Қарулы Күштердегі қызметтен босату шарттары және болашақ Отан қорғаушылар үшін қызықты басқа да мәселелер. Олар қазіргі уақытта әскерлердің қандай түрлеріне қабылдап жатқанын айтып, студенттер мен ата-аналардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Колледж студенттері әскери ведомство өкілдеріне мазмұнды кездесу және толыққанды жауаптар үшін алғыстарын білдірді.