Колледжде 6 мамыр күні Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған әскери-спорттық мереке өтті. Мереке сап пен ән байқауынан басталды. Балалар саптық амалдарды орындай білді. Қазылар алқасы командалардың берілуінің және орындалуының анықтығы мен дұрыстығын, взводтар іс-қимылдарының жылдамдығы мен үйлесімділігін, олардың салтанатты маршта әнмен жорық және саптық адыммен қозғалу қабілеттерін бағалады. Нәтижесінде, қызықты жарыста СЭГГ-220 тобы жеңіске жетті, екінші орында СЭГГ-220П тобы болды, ал үшінші орынды ЭТО-121 тобы иеленді.  Шығармашылық пен өзіндік ерекшелігі үшін грамотаны ЭТО-121П тобы иеленді.  Үздік взвод командирі болып ЭТО-121 топ командирі Гельметдинов Рафаэль танылды. Мереке әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстармен жалғасты. Әр түрлі жарыстар  жеңімпаздары болып танылғандар:

  1. Калашников автоматын толық бөлшектеу және құрастыру – ЭТО-121П тобы;
  2. газтұтқышты кию нормативін орындау – ЭТО-121 тобы;
  3. пневматикалық винтовкадан ату – ЭТО-121П тобы;
  4. 16 кг. гір көтеру – ЭТО-121П тобы;
  5. шұлғауды орау – СЭГГ-220П тобы;
  6. картопты тазалау – ТОРО-220 тобы.

 

Жеке есепте үздік болғандар:

  1. автоматты бөлшектеу – Гельметдинов Рафаэль;
  2. газтұтқыш – Гельметдинов Рафаэль;
  3. ату – Кадыр Асанәлі;
  4. гір көтеру – Руди Вальдемар.

 

            Жеңімпаздар грамоталармен және дәмді сыйлықтармен марапатталды, ал мереке соңында барлық қатысушылар мен көрермендер дәмді сарбаз ботқасынан дәм татты.