Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмірге жолдама» форумы

21 мамырда Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің базасында 9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Өмірге жолдама» форумы өтті. Ұйымдастырушылар оқу-өндірістік комбинат пен Павлодар қаласының білім беру бөлімі бір алаңда қаланың 24 колледжін жинады. Оқушылар үшін жаңа мамандықтар атласы және кәсіби диагностика бойынша кеңестер ұйымдастырылды. Біздің колледждің атынан оқытушылар М.В. Титов, С.Д. Литвинов, И.Н. Лобко, Н.А. Самойлова, Т.В. Тургенева, А.И. Безгазимова қатысты.