16 маусым күні колледжде жыл қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен студенттерге құрмет көрсету рәсімі өтті!

«Қоғамдық қызмет» номинациясында Мықтыбай Ернұр, Кадыр Асанәлі, Курманов Асанали, Тамешев Диас, Гельметдинов Рафаэль, Нуржанов Мирас марапатталды. Олар топтың, колледждің қоғамдық маңызды мәдени-бұқаралық және қоғамдық пайдалы іс-шараларына белсенді қатысты.

Казиз Сағындық және Қазақстан Республикасының спорт шебері Айтжанов Алихан республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі жарыстарда өздерінің спорттық жетістіктері үшін, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін «Спорттық жетістіктер» номинациясымен марапатталды.

Колледждің мәдени-бұқаралық, қоғамдық пайдалы, спорттық              іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін 2021-2022 оқу жылында «Белсенді топ» номинациясында СЭГГ-220 тобы марапатталды.

«Жыл Студенті – 2022» атағын мамандықты адал игеретін,                    іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмектесетін, қоғамдық және спорттық іс-шараларға белсене қатысатын 2-курс студенті Бахтин Глеб жеңіп алды.

Біз балаларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

Ал біздің барлық студенттерімізге міндетті түрде өз жолын табуды және күн сайын осы істе табысқа жақын болуды тілейміз!