Руди Вальдемар, Гельметдинов Рафаэль, Темешев Диас, Кизима Михаил, Ахмедин Аңсар, Айтқали Қорлан және Тарабукина Настя құрамындағы колледждің командасы 22 сәуірде «Айбын-2022» әскери - қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарға қатысты. Жарыс күніндегі қатты жел мен төмен температура біздің балалардың көңіл-күйіне әсер етпеді. Олар үлкен ықыласпен жарысты және әр кезеңде барынша күш салды. АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру бойынша біздің команда 3-орын алды. Балаларды құттықтаймыз. Жарайсыңдар!