Ғылыми өмір

2019ж. 19.09-да Павлодар мұнайгаз колледжінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Н.Т. Шевцова СЭГГ-119 және ТОРО-119 топтарында Әбділда Тәжібаев шығармашылығы мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша «Бір ел – бір кітап» Республикалық акция шеңберінде кітаптарға шолу жасап, сұхбат жүргізді.

2019 ж. 16.09-да бірінші курстың СЭГГ-119 тобында педагог-психолог, өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы С.С. Манабаева «Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Жалпы техникалық пәндер апталығы шеңберінде оқытушы Ирина Николаевна  Лобко гидравлика пәні бойынша СЭГГ-217, ТХНГ-217 тобының студенттері қатысқан «Гидроумники және гидроумницы» пәндік олимпиадасын өткізді.

Жалпы техникалық пәндер апталығы шеңберінде оқытушы Ирина Николаевна Лобко инженерлік графика пәні бойынша ТОРО-217 тобының студенттері қатысқан «Қызықты сызу» пәндік олимпиадасын өткізді.

Табиғи және жалпы техникалық пәндер апталығы шеңберінде студенттердің танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытушы С.К. Кайдарова  математика пәні бойынша СЭГГ-118 және ТОРО-118 топтары арасында «Өз ойыны» турнирін өткізді. СЭГГ-118 тобының командасы жеңіске жетті.

2019 жылғы 19 сәуірде арнайы пәндер апталығы шеңберінде оқытушы Валентина Филипповна Левицкая СЭГГ-415 тобында арнайы пәндер бойынша «Сиқырлы алаң» зияткерлік іс-шара өткізді.

2019 жылғы 18 сәуірде арнайы пәндер апталығы шеңберінде оқытушы Наталья Юрьевна Орешникова ТОРО-217 тобында «УМехи» («Шебер механиктер») конкурсын өткізді.