2-4 курс студенттері үшін оқу жылының аяқталуы қашықтық нысанында өткізіледі.

 

Колледж түлектерін кешенді емтихан нысанында қорытынды аттестаттау ZOOM платформасында өтуде. Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамына колледждің әлеуметтік серіктес-кәсіпорындары болып табылатын білікті мамандары енді.

 

Жұмысшы мамандығын алудың біліктілік емтихандарын қашықтықтан ZOOM платформасында өткізу жоспарланып отыр.

 

2 курс студенттеріне арналған емтихан сессиясы СОВА оқыту платформасында өтеді.