Колледжде ЭТО-121 және ЭТО-121П топтарының 1 курс студенттері үшін 2022 жылғы 14 мен 18 ақпан аралығында зияткерлік марафон өткізілді. Жалпы білім беру пәндері бойынша бірінші курс студенттері түрлі дәрежедегі шығармашылық тапсырмаларды орындады. Марафон біздің колледж үшін дәстүрлі іс-шара болып табылады. Оның қорытындысы бойынша жиналыс өткізіліп, онда ұсынылған тапсырмалардың ең жоғары нәтижелерін көрсеткен студенттер грамоталармен марапатталады.