Дәстүр бойынша сәуір айында колледжде пәндік апта өткізіледі. Осы оқу жылында апта бойы оқытушылар конкурстар мен викториналар өткізді. 25 сәуірде оқытушылар       С.С. Манабаева мен С.В. Гусева СЭГТ-220 және ТОРО-220П топтары үшін «Мұнайшы-полиглот» атты кіріктірілген конкурс-сабақ өткізді. Балаларға кәсіби қазақ және ағылшын тілі бойынша тапсырмалар ұсынылды. Солтанов Адиль жеңімпаз атанды.

27 сәуірде ЭТО-121 оқытушы Н.А. Самойлова химия бойынша викторина өткізді. Викторинаның қатысушылары «Доминанттар», «Хромосомалар», «Алхимиктер» болды. Викторина жеңімпазы «Алхимиктер» командасы болды. Балалар әр түрлі тапсырмаларды орындады – жетіспейтін формулаларды қосып, қателерді түзетті, заттарды өзіне тән белгілері бойынша атады, атаулы реакцияларды анықтады. Викторинаның ең белсенді қатысушылары Щербаков Роман, Гельметдинов Рафаэль және Сербул Иван болды.

26 сәуірде ЭТО-121 тобында оқытушы А.И. Безгазимова дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихы бойынша викторина өткізді. «Ақ Орда», «Алаш партия», «КСРО» үш командаларының студенттеріне түрлі тапсырмалар ұсынылды. Жеңімпаз «Ақ Орда» командасы болды.

26 сәуірде оқытушы Н.Т. Шевцовамен қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Тіл – әдебиет білгірі» атты сыныптан тыс іс-шара  өткізілді. Іс-шараны өткізу кезінде студенттер қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында алынған білім бойынша сұрақтарға жауап берді, шығармалардың атаулары мен кейіпкерлерін тапты, ситуациялық есептерді шешті және сұхбат құрады. Студенттер үшін қызықты тапсырма туындылардың атаулары мен кейіпкерлерін табу, ситуациялық есептерді шешу болды. Бір сөзден бірнеше сөз құрастыру оңай болды. Әр студенттің алдында сабақ барысында көңіл-күйін білдіретін кестелер ұсынылған. Іс - шара соңында қорытынды жасалды. Ойында «Білімділер» командасы жеңіске жетті.

28 сәуірде ЭТО-121 тобында оқытушы С.К. Кайдарова математика бойынша викторина өткізді. Викторина 8 конкурстан және көрермендерге арналған конкурстан тұрды:

  1. Марафон
  2. Сөзжұмбақ
  3. «Суретшілер» байқауы
  4. «Дұрыс сөйлем құра» байқауы
  5. «Сөзден жаңа сөздер жаса» байқауы
  6. «П» әрпіне математикалық шағын сөздік (3 минут)
  7. «Сен маған, мен саған»
  8. Синквейн

Ойынға ЭТО-121 топбының 4 студенттерінен құралған 2 команда қатысты. Командалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.    

28 сәуірде оқытушы М.В. Титов ЭТО-121 тобында «Ақылды үй» презентациялар байқауын өткізді.  Аптаның іс-шаралары тиісті ұйымдастырушылық деңгейде өтті, мазмұнды іріктеу кезінде студенттердің жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейі ескерілді.