Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы аясында колледждің бірінші және екінші курс студенттері 2024 жылғы 19 сәуірде Академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «XXIV Сәтбаев оқулары» Халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, онда жүлделі орындарға ие болды:

* ЭТО-2223 тобының студенттері  Федоренко Александр, Трощев Данил (ғылыми жетекшісі Ж.Е. Исаев) «Қазақстан мен әлемнің мұнай-газ саласының ағымдағы жағдайы, болжамы және мүмкіндіктері» секциясының жұмыс қорытындысы бойынша 1-орынды иеленді.

* ЭТО-1233 тобының студенті Соколова Вероника (ғылыми жетекшісі Р.К. Альсеитов) «Құқықтық жүйені дамыту» секциясында 3-орын алды.