1)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
2)Корпоративтік этикалық құндылықтарды насихаттау;
3)Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;
4)Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру;
5)Ұйым және жұмыскерлер қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі бағдарламасының орындалуына мониторинг жүргізу;
6)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес, азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмысты үйлестіру;
7)Мүдделер қақтығысын, оның ішінде жұмысқа орналастыру мәселелерін анықтау, мониторинг жүргізу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
8)Сыйлықтар мен өкілдік шығыстар мәселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдау;
9)Қаржылық мәмілелер кезінде контрагенттерді тексеруді жүзеге асыру;
10)Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;
11)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге мониторинг және талдау жүргізу;
12)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылу тиімділігіне бағалау жүргізу;
13)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тиісті ақпаратты тыңдау;
14)Басшыға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, қызметті ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізуге міндетті.