«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан.

Толығырақ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік апталық шеңберінде қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Н.Т. Шевцова ТОРО-120П тобында «Қызықты қазақ тілі әлемі» викторинасын өткізді.

Викторина мақсаты қазақ тілі мен қазақ мәдениетін терең зерттеуде ынталандыруды, командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Викторина 5 кезеңнен тұрды. Викторина тапсырмалары алуан-түрлі болды. Студенттер қызықты сұрақтарға тез жауап беруде, жасырын тұрған заттардан сөздерді табуда, белгілі бір әріптерден басталатын сөздерден сөйлем құрай білуде қызығушылықпен жарысты.  Ойында жеңілгендер болған жоқ, ұтыста барлық қатысушылар болды.