«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан.

Толығырақ

23 маусымда колледжде педагогикалық кеңестің соңғы отырысында оқу жылының кезекті қорытындысы шығарылды. Оқу жұмысы, тәрбие жұмысы, оқу-әдістемелік жұмыс және оқу-өндірістік жұмыс бойынша әкімшіліктің есептері тыңдалды. Ұжым жұмыстың оң және теріс жақтарын талқылады, алдағы оқу жылында колледждің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жолдары белгіленді. Педагогтардың қызметін рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша өткен оқу жылында үздік нәтижелерге қол жеткізген оқытушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік болып танылғандар:

- С.К. Кайдарова – «Жыл мұғалімі – 2022» номинациясы бойынша,

- Т.В. Тургенева, Н.Т. Шевцова – «ЦӘК үздік оқытушысы – 2022» номинациясы бойынша,

- С.Д. Литвинов – «Ең нәтижелі оқытушы – 2022» номинациясы бойынша,

- Н.М. Онбаев, В.В. Волокитин – «Табысты дебют – 2022» номинациясында,

- Н.А. Самойлова –  «Үздік ЦӘК – 2022» номинациясы бойынша.